Бұлақтар
- 0
- 0
Таудан аққан бұлақтар,
Күмбір-күмбір күй ақтар.
Жағалауда билесін
Құлын құйрық құрақтар.
Бұл бетте «Өтірік өлең» атты Бақыткерей Ысқақ жазған поэзия туралы өлең берілген.
Аққудай ауыл тізіліп,
Қонғанда жасыл жайлауға,
Көмейден үні үзіліп,
Шығады құстар сайрауға.
Жалғыз тілім шәк-шәкті
Жеп отырған тәп-тәтті,
Ермек бір кез жылады,
Анасы жөн сұрады:
Бөкпен толы саптыаяқ
Босаған-ау, шамасы.
Көрсетіп тұр айтпай-ақ
Жеңі менен жағасы.
БАҚЫТЖАН МАҒАУИЯҰЛЫ
МАҒАН ҰНАДЫ
Жансая
Төрт шумақ
Жансая
Маған өтірік өлең керек? 5Шұмақ.
Жансаяға
Жүк артып инелiкке ерте көштiм,
Шүйкелеп сары майдан арқан естiм.
Мұртына шегiрткенiң ат арқандап,
Дегенде өлдiм-талдым әрең шештiм.
Мiндiм де ақсақ қоңыз аяңдадым,
Болдыртып аяңымен қоян алдым.
Апырмай,сол қоянның семiзiн-ай,
Көтерiп қоңызыма қоя алмадым!..
Ақбөпе
Құстай ұшып түрлі елдің
Құстарымен таныстым.
Суын ішіп бір көлдің,
Барыспенен жарыстым.
Марат
Басқа өтірік болса да,
Осым рас, ағалар.
Жылдар өтті қаншама,
Әлі орнында тұр олар.
Көк жүзіне түнерген,
(Келгенде бір ашуым).
Менің шашып жіберген
Үркер - жеті асығым.
Өтірік өлең
Масаға мініп сирақты,
Моторын «гүр» еткіздім.
Адасып жүрген жирафты,
Орманға лезде жеткіздім.
Өтірік өлең
Арқан естім еменнен,
Қайық ойдым тебеннен.
Шегірткенің сирағын
Ескек етіп келем мен.
Несібелі
Таланты ақын ӨЛЕҢДЕРІ ҚЫЗЫҚТЫ
Секе
Маған ұнады