Өлең, жыр, ақындар

Сағыныштан сартап болып үздiккен

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 631
Сағыныштан сартап болып үздiккен,
күз де келдi мамыражай түстiкке.
көл,
тоғайын,
жайлау үстiн базар қып
қайтып бара жатты аспанмен құс бiткен.
Қайтып бара жатты құстар ән салып
көшкен тұман,
бұлттарға қарсы ағып.
Бұлқып соғып кенет менiң жүрегiм
шыға келдi бар дауыспен жар салып:
– Өзiм құйттай,
кең ғой бiрақ құшағым,
бәрiн де мен сиғыза алам,
құшамын.
Арман, Үмiт қанатымды байлап ап,
құстарменен ұшам, – дедi, –
ұшамын.
– Көкiректi ұрғылама, кеулеме,
салма – дедiм, –
өзiңдi сен әуреге...
Бiрақ жүрек көнбедi оған,
болмады.
Нағыз жүрек жата ала ма кеудеде?!
Кенет менiң өн бойымды жыр етiп,
сана,
ойды,
жанарымды нұр етiп,
тор қобдидан азат болған құс құсап
жүрегiм де
ұшып шықты
пыр етiп!
Ұшып шықты.
кеттi бiрге құстармен,
өтемiн деп қиын-қатер тұстармен.
Байлаулымын оған мәңгi, бiлесiң.
алысқа ол
тым жыраққа ұшқанмен.
Арқалап мен қалмайын деп қарғысты
отырамын кейде түн қып тал түстi.
Бiр құс көрсем тоңып қалған суықтан
жүрегiм бе деп қаламын сол құсты.
Өмiр сүрiп өлеңменен,
дастанмен,
жүрген кезде ойнап-күлiп достармен.
Ащы дауыс –
шаңқ еткен бiр мылтықтан
құлайды құс
қош айтысып аспанмен.
Ондай кезде кiм шет қалар жалтарып,
Неге керек оған босқа таң қалып, –
жүрегiм бе деп қаламын сол құсты
келе жатқан қанатынан қан тамып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тартыс

  • 0
  • 0

Көкiрекке босқа күдiк кiргiзбе! –
десем-дағы: әуен менен үндi iзде,
бiреу менi түнге қарай сүйрелеп,
бiреу менi ап шығады күндiзге.

Толық

Мен жамылған бұлт

  • 0
  • 0

Ойлар қуып қаптаған
асу-белге бардым мен, –
көшiп жүрген
қап-қара

Толық

Өзімді өзім жеп жатырмын

  • 0
  • 0

Қазақтардың
Бiрiн бiрi жеп жатқанындай
Мен де өзiмдi өзiм
Жеп жатырмын.

Толық

Қарап көріңіз