Бұл бетте «Қостағы түн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыраты мен өрiне
қараймын да толғанам,
Бәрi ұйқыда, бәрi де.
Ояу жалғыз мен ғана.
Шiдерлеулi ат та тұр
үнсiз мүлгiп шалғында.
Аспандағы ай –
тап-тақыр
киiз үйдiң орнындай.
Мөлдiр бұлақ жата қап,
сыбырлайды алқынып.
Жолдар ұйықтар жотада,
жарқыратып балтырын.
Тiлеп әуе тұнығын
әр бiр күнге, әр таңға,
сөздiң ұзын құрығы –
шаншылады антенна.
Самал жел кеп тiнтедi,
селеудi тек тұрғызбай.
Қара түндi түртедi,
тiкенектi жұлдыздар.
Ит те тынды, үрмейдi,
бiр дыбыс жоқ шошынар.
Неге екенiн бiлмеймiн
тыныштықтан осынау –
жас iркiлiп жанарға
қарадым жер, аспанға:
ұйықтап жатты адамдар
космос пен қостарда.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі