Түскендей бейне жарысқа

Бұл бетте «Түскендей бейне жарысқа» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 784
Түскендей бейне жарысқа,
тұрғандай алдан сый күтiп,
келемiз бiздер алысқа,
асфальт жолмен құйғытып.
Шiлде айы.
Ыстық...
Бiрақ та
аптапқа үнсiз көнемiз,
барады ол бiздi шыдатпай, –
қаталап, шөлдеп келемiз.
Бағандар бiткен шұбырар,
осынау шексiз далада.
Келемiз ұшып зымырап,
шөлге бiз бiрақ қарамай.
Жатады жапан жаңғырып,
елемей күндi қайнаған,
жылдамдықтардан жан кiрiп,
зымырап, зулар айнала.
Ап қашар қазан тасты да,
таспа жол су боп аққандай –
машинамыздың астына
құйылып кiрiп жатқандай.
Қараймыз келiп осыған,
қаңсытар шөл де дененi...
Көкпеңбек жолды
машина
сiмiрiп жұтып келедi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түскендей бейне жарысқа өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түскендей бейне жарысқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түскендей бейне жарысқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түскендей бейне жарысқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері