Өлең, жыр, ақындар

Өмiрге сен не сыйладың?

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 795
Өмiрге сен не сыйладың?
не бердiң?
Биiктiгi қандай шыққан төбеңнiң?
Не күтедi сенен ендi келер күн?
Жүгi қандай сен әкелген өлеңнiң?
Сұрақ...
Сұрақ...
Сұрақтар...
Жан-жағымнан қоршап ап
жауап күтiп
жүрегiмдi жылатқан
сұрақ...
сұрақ...
сұрақтар...
Көрген емес көкiрекке дем пiсiп!
Кетедi ғой жеңiл ойлар желге ұшып, –
жауап бер деп әр сөйлемнiң соңында
қарап тұрса қатал сұрақ белгiсi.
Соған жауап iздеймiн мен сарсылып,
көкiректi қоздатады қанша үмiт...
Елдi ойлантқан үлкен сұрақ орнына
түссем дем ем леп белгi боп шаншылып.
Ал әзiрше артқа менi қаратпай
жұмысқа сап
тауда,
қала,
алапта –
қалғып кетсең қиып түсем деп сенi
сұрақ белгi жалаңдайды орақтай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр құдіреті

  • 0
  • 0

Дүние
қап-қара боп түнердi.
Дүлейлi құйын соқты.
Әлдене сұранды...

Толық

Марқаю

  • 0
  • 0

...Жемтік іздеген
Қара құс —
Тас төбемде
Шүйіліп жүр...

Толық

Есалаң өлең

  • 0
  • 0

...Сонадай жерде
Күркілдеп бара жатқан
Нән бір тракторды
Құтырған ит келіп

Толық