Өлең, жыр, ақындар

Мен бүгiнде қалайша жайланамын

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 593
Мен бүгiнде қалайша жайланамын,
бәрi де дөңгелейдi айналаның.
Жер күндi,
ал Ай Жердi айналады,
Тамшы қан өн бойымды айналады.
Тұрады бар дүние айналыстан,
бұл өмiр айналыспен байланысқан.
Жерде де,
көгiмде де,
денемде де
айналыс, айналыстар, айналыстар.
Айналыс,
айналыстар,
айналыстар –
думаңды, дүркiреген тойлы ағыстар.
Айналар жұмыр жердi шыр көбелек
космос кораблi айлап ұшқан.
Салсаң сал тiлiп өтем өрге менi
несiне оның ендi бәлденемiн, –
дегендей жер апшысын қуырады
зырқырап жылдамдықтың дөңгелегi.
Жүректен төгiлсе егер қайралып жыр,
жасымды домаланған ойға алып жүр.
Бiр үмiт құйын болып үйiрiлiп,
бiр күдiк дәл төбемде айналып жүр.
Көгiмде Күн күлiмдеп, тұр Ай жанып,
күнiне мың толғанам,
мың ойланып.
Ойланам, ойланамын
ақырында
кетедi жұмыр басым шыр айналып.
Сонан соң жырға қайта шүйiлемiн...
Өмiрiм өзiң неткен қиын едiң...
Шарқ ұрам шырылдаған құс сияқты
iшiнде шыр айналған дүниенiң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баласын құтқарған әйел туралы

  • 0
  • 0

Ерте, ерте, ертеде
Қойының үстiне
Бозторғай жұмыртқалап,
Итiнiң басына

Толық

2-ші топтағы мүгедек

  • 0
  • 0

Ол үшiн үлкен күш:
отыру жүрелеп,
кету де түрегеп.
Он тоғыз жастағы жап-жас қыз

Толық

Айта алмаған сөздерім

  • 0
  • 0

Айтам деп
Айта алмаған сөздерiм
Алматының кешкi көшелерiндегi
Машиналар секiлдi –

Толық

Қарап көріңіз