Нөсер алдында – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Нөсер алдында» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 603
Жүгiрдi ана сырттағы баласына,
келдi бiреу жаға ұстап тобасына.
Салдыр-гүлдiр домалап әлдене жүр,
бұлт пенен аспанның арасында.
Бұлттардың үстiмен қатынаған,
әлдене жүр күркiреп шатынаған.
Бұлт бiткен шыдамай салмағынан,
найзағай боп сөгiлiп қақыраған.
Құбылыс қой талайдан көрмеген бұл;
найзағайын сiлкiнтiп сермеген бiр,
не екенiн бiлмедiм
бұлт үстiнде
салдыр-гүлдiр домалап әлдене жүр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері