Желді күнгі жалғыз ағаш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Желді күнгі жалғыз ағаш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 557
Сiңiрiп ап күннiң бойға шапағын,
киiп алып жапырақты шапанын,
бұрқап соққан желмен шалқып,
будақтап
жалғыз ағаш тұр үстiнде жотаның.
Долданып кеп ұрып, сiлкiп қаққанда
жеңе алмаған оны боран, ақпан да...
Будақтайды ол
қарсы ағып бiр Ертеңге
кетiп бара жатқандай.
Иiр-иiр бұтақтарын сiлтеп ап,
жел соқса егер дүр сiлкiнер, үркек-ақ.
Алғандай ол
вагондардай жап-жасыл
жоталарды жоталарға тiркеп ап.
Әуенiмен жүрегiңе мұң қақтап,
соққанда жел дүниенi шулатқан, –
жалғыз ағаш жота үстiнде бүгiлер
паровоздың түтiнiндей будақтап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері