Өттi күн, өттi күн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өттi күн, өттi күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 625
Өттi күн, өттi күн...
Өзен боп сарқырап,
нұр болып жарқырап,
болашақ iстердi
тағы бiр талқылап;
күйiнiп, ашынып,
қайтадан басылып,
бұлқынып тамыры
бұрқырап тасынып,
шығарып есебiн
бүгiн мен кешенiң,
үйiрiп бұлтты
төктi де нөсерiн;
шаттық боп аралап
қанатын сабалап,
мұңайған көздерден
жас болып домалап;
бұрқ етiп төтеннен
дауысын көтерген,
жаманат хабарды
жеткiзген шетелден;
жел болып жеттi де,
дәндерiн септi де
бiр гүлдi солдырып,
бiр гүлдi ектi де,
жанды да шырақ боп,
ақты да бұлақ боп,
үтiр боп, нүкте боп,
леп белгi, сұрақ боп...
өттi күн, өттi күн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері