Ұлттық киім – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ұлттық киім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 3566
Кеңiстiк пен далаға шөлдегенде,
елең ете түсемiз сен дегенде...
Сыпырылған қарт тарих иығынан
тұрсың ғой сен музей мен көрмелерде.
Киiп сенi жүз толқып,
жүз теңселiп
талай-талай сайысқа түскен серi.
Киетұғын болған соң дала адамы
даладай ғып молынан пiшкен сенi.
Кең етегiң жатады телегей боп,
жабыспайсың денеге
денедей боп.
Сондықтан да кетедi,
сенi кисе,
шынашақтай адам да төбедей боп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері