Өлең, жыр, ақындар

Былғап алсақ бiз егер де ұятты –

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 561
Былғап алсақ бiз егер де ұятты –
жылуынан айырылады шуағың,
қызуынан айырылады жыр-әнiң,
мұратынан айырылады сұрағың,
қуатынан айырылады ұраның.
Ол былғанса –
дау айтып сен шатыспа! –
түнередi шығысың да, батыс та.
Ақ қағаздай адам жаны былғанар
лас пенен қоқысқа.
Көз жүгiртiп биiгiң мен өрiңе
қарау керек мұндай кезде әрiге.
Егер, егер ар мен ұят былғанса,
былғанады,
бүлiнедi бәрi де.
Ол бүлiнсе –
құлап қанша қорғандар,
төбе болар көз жетпейтiн заңғарлар.
Ол былғанса –
су мен ауа былғанып,
жер қуарып, күлге айналар ормандар.
Ол былғанса –
болмай дауға толас бiр
берекесi кетер бүлiк, жарастың.
Ол былғанса қуырылып кең далаң,
қап–қара боп түтiн басар қала үстiн.
Ол былғанса —
мақсат бiтiп алдыңда,
айналады гүлзарларың жал–құмға!
Былғап алсақ бiз егер де ұятты
былғанады күн нұры да, жаңбыр да!
Дүниенiң бар тiрегi тұр сонда.
Онсыз өмiр қалар едi құрсауда.
Ұятыңды былғап алма,
былғасаң
тазармайды ол көз жасымен жусаң да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айығып кетер ме екен?!

  • 0
  • 0

Дәл қазiр
Жерiм де ауру,
Елiм де ауру.
Жерiм –

Толық

Қағаз

  • 0
  • 1

Оңаша бiр жыр құрап
ой iшiнде адастым...
Ақ қағаздан бұрқырап
иiсi аңқиды ағаштың.

Толық

Жағымпаздың екі монологы

  • 0
  • 0

Сіз кетпеңіз!
Сіз кетсеңіз—
Мына дүние
Қақ жарылады ғой.

Толық

Қарап көріңіз