Көркемөнерпаздар фестивалі

Бұл бетте «Көркемөнерпаздар фестивалі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 786
Дүбiрлi шулы көктемге
көк айдын бейне сахна.
Қарамай артқа, өткенге
келiңдер тездеп,
шақырам.
Қараймын көлге жыр аулап
құлаққа құйып үндерiн.
Тырналар жеттi тыраулап
аспанның ансамбльдерi.
Сұлу бiр мұңлы қайғымдай
кеудемдi тұтас ән етiп,
қос аққу жүрдi айдында
орындап көктем балетiн.
Бұрылыс жасап мың қилы
жақындап келiп жағаға
шаңқылдап көлге сүңгидi
шабақты iлiп шағала.
Көзiңдi алмай көлден бiр
тартасың басты қайтудан.
Көлiмнiң үстi ән мен жыр
көлiмнiң үстi той-думан.
Әуез боп, ән боп құбылған
тыңдап көр ғажап саздарды –
көк айдын
көлдiң бетiнде
құстардан сансыз құрылған
көркемөнерпаздардың
фестивалi өтуде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көркемөнерпаздар фестивалі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көркемөнерпаздар фестивалі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көркемөнерпаздар фестивалі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көркемөнерпаздар фестивалі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері