Заманға сондай киліктің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Заманға сондай киліктің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Саудада достық жоқ.
Сәлемде борыштық жоқ.
Халық нақылы

Жараған жұрт жүруге
Түгел сауда соңында.
Шама да жоқ, шара жоқ,
Кәрі-құртаң, момында.
Бизнесмен деп аталған
Алыпсатар — саудагер.
Оның мың ғып есірмек
Болып түскен әуреге ел.
Жаны, ары, иманы
Айналғандай ақшаға.
Қоғам деме, ақша де.
Көзі түспейді басқаға.
Мыңға сатады онға алып,
Әкесіне өзінің
Өлдім десе бұрылмайды
Қарасына көзінің.
Достық жоқ дейді саудада,
Алла алдына бар мейлің.
Нарықтың заңын бұзбайды,
Баю жеңген бар бейілін.
Адамда ындын бұзылды
Нарық езіп, айығып тым.
Ешкімнен күтпе шарапат
Заманға сондай киліктің.
«Қоғамын достық құрамыз»
Дейді санашыл шырылдап...
Ділі, тілі басқаның
Иттері үреді ырылдап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері