Тыңдамай ми менен жүректі – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Тыңдамай ми менен жүректі» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1310
Тыңдамай ми менен жүректі,
Бағынса нәпсі мен ақшаға,
Қалайша түреді түнекті,
Жегі құрт түспей ме бақшаға?!

Үстіне тұратын үйінің
Алтын мен күмісті жапса да,
Жүректе болмаса мейірім,
Адамды өмірде жоқ сана.

Жүрсе де қи жинап қорада,
Шалжиып мамықта жатса да,
Сәулесі болмаса санада,
Есалаң жалшы да, патша да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері