Шерхан аға!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1678
Аянбастан қызмет қылған халқына,
Қайталанбас жау жүректі нар тұлға.
Әр сөзінде жанға қуат жалын бар,
Оған жетпес байлығың да алтын да.
Өз ұлтының қорғай біліп мүддесін,
Ол көрсеткен ерлік жолдың күресін.
Әр ізінде алаулаған шырақтай,
Еркіндіктің өрлік жырын көресін!
Сезе тұра дүниенің рахатын,
Іздеместен дүние байлық ләззатын.
Отан үшін отқа түсіп ар қолдап,
Сыйлай білген қайнар бұлақ ой жарқын!
Халқым десе басын иген тік тұрып,
Оған Тәңір берген кие тектілік.
Жан бітіріп алтын дана қаламмен,
Тұрарымды қайта әкелген тірілтіп!
Айнымастан ақыл ойлы мұраттан,
Ол әрдайым ақиқаттан тіл қатқан.
Елге қажет ізгіліктен жаңылмай,
Бола біліп інілерге жарық таң!
Ата жолға түспес үшін қаяусыз,
Жоғалтпасқа имандықты ұямыз.
Нажағайдың оты болып шашырап,
Азғындықты түйреген ол аяусыз!
Табиғат ана өзі бөлек туғызған,
Нар ағаның өмір жолы нағыз ән.
Қанша қыран ұясынан ұшты оның,
Айнымаған көкте туған жұлдыздан?!
Ақын інім сәні болар көркімнің,
Жетсін десең туған елге отты үнің.
Қасиетін ұрпағыңа жырлай біл,
Халқың үшін қорған болған тектіңнің!
Біліп жүрсін Шерхандай данасын,
Ұран қылған ар- намысын ел-жұрттың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шерхан аға! өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Шерхан аға! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шерхан аға! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шерхан аға! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері