Өлең, жыр, ақындар

Алтынбектің соңғы сөзі

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1049
Ей, қанішер!
Шайтанға ерген қатер сын,
Түзелмесең қара бет боп өтерсің.
Менің адал оттай ыстық қанымды,
Мойныңа жүктеп,айтшы босқа қайтесің?!
Сескенбеймін қасқырлардан ұлыған,
Есіргеннен жұлған жұрттың өкпесін.
Тапсырыс берген қорқау итке салем де,
Өзі ұғынсын сұрқиялық қатесін!
Адалдығын тілеп дархан төрімнің,
Мен күрестім бақыты үшін елімнің,
Қайғысына ортақ болып бөлісіп,
Ақ кемесін алға тартып білімнің,
Айхара ашып тұман басқан түндігін,
Ақиқаттың ұран қылып ілімін,
Дауылдарға кеуде тосып тайсалмай,
Мұңын жоқтап туы болып тігілдім.
Ер намысын, ел ажарын сақтауға,
Бабалардың өнеге қып өрлігін.
Аянбастан қызмет қылдым алдында,
Қорғау үшін армандаған теңдігін.
Адамзатқа адал істей іс жасап,
Жеткізуге кие толы өр үнін.
Ал ол болса сайхалдықпен түрленіп,
Қара бастың соқты қызыл көрігін.
Көкірек боп алды елді танымай,
Өзі болып жан ұрлайтын перінің!
Ұры қары жыйнап алып жанына,
Кесек атып туған елдің бағына.
Әділеттің ақ таңына оқ атып,
Айналғаны қанға тұмар тағыға.
Қолын созып арсыздықтың тағына.
Адамдардың ойын ұстап құлыптап,
Шырылдатып түрмелердің торында.
Кімді көрдің тұсаулаған ақылды,
Ұлы көште асқақ арман жолында!
Құдай барын ұмытқандай сол сорлы,
Даңқ қуып өзіне-өзі қазды орды.
Тойынған соң ессіздіктен тайраңдап,
Ит аяғын ас құйғаннан қызғанды.
Танымады асыраған иесін,
Зұлымдықпен талап жеуге бас салды.
Армандады патша бағын жас жаны,
Арыстандандай құтырынып асқынған,
Айға шауып бағындырмақ аспанды.
Кім сүйеді даңғойлықпен тасқанды,
Әуейлікпен теріс басқан қадамды.
Күнәкәрдің ел шошытар қылығы.
Елестетер іштен шыққан дұшпанды.
Қатыгездік жауыздықпен тапталса ар,
Құлдық құрған қорлығына кім шыдар.
Мені атқанмен таусылама нар қазақ,
Әділеттің туын биік тік ұстар,
Мені іздейтін жаны таза перзентер,
Мынау жарық дүниеде бар шығар.
Солар келер белді буып күреске,
Соны ұғыңдар қанішерлер жауыздар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адай бабам

  • 0
  • 0

Отпан таудың басынан Адай бабам,
Әуел бастан халқына ұран салған,
Кесенесін көтерсең келер ұрпақ,
Қайта оралар мәңгілік Рух саған!

Толық

Халел Досмұхамедұлы

  • 0
  • 0

Туған елдің босағасын от шалып,
Арыстармен даналарым тапталып.
Түрмелерде күйзелгенде аштықтын
Намыс ардан үндеу салып көпке анық,

Толық

Балжігіттің киіз үйі

  • 0
  • 0

Кең әлемнен басын қосып бар қазақ,
Қуанғанда астанада той жасап.
Қонақтарға арнап сыйға тігілген,
Балжігіттің киіз үйі-ай бір ғажап.

Толық

Қарап көріңіз