Өлең, жыр, ақындар

Сынақ полигоны

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 937
Астан-кестен болып iшкi әлемiм,
отыр едiм ойлап тiрлiк өлеңiн
көктен бе әлде,
жерден бе әлде –
күңiренген –
шықты кенет «сынақ, бомба» деген үн.
Шықты сол үн апат күнiн ұқтырып –
арман солып,
гүл қуарып,
бiттi үмiт.
Жан түршiгер үрей жатты сол үнде,
кеттi содан шашым менiң тiк тұрып.
Сол бiр сөзден су тартылып, жанады ел.
(Ей, адамдар, мейiрiмдi бола гөр).
Сол бiр сөзден тыжырынып денесi,
сұп-сұр болып бара жатты қара жер.
Сол жалғыз үн кеттi менiң құтымды ап.
Сол жалғыз үн кеттi менiң құқымды ап.
Қабiрдегi өлiктер де қозғалып,
аунап түстi сүйектерi сықырлап.
Сол бiр сөзден –
ол сұмдықты көрсетпе! –
тұтастық тұр бөлiнем деп бөлшекке!
Қара тастар қызыл шоққа айналып,
қара сулар қайнап жатты сол сәтте!
Сол бiр сөзден –
үрей енiп жапанға,
сөнiп барып қалды мынау жаhан да!
Сол бiр сөзден –
менiң қара көлеңкем
сiңiп кеттi сұр қабырға – бетонға!
Тыныштықта, тыныштықта тұрсақ та
сол бiр үннен үрей тарап бұл шаққа –
бiр уыс боп қатып қалды жиырылып
нәресте де жатқан әлi құрсақта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанталас

  • 0
  • 0

Даламның үстiн
Түндей қап-қара бұлт басты.
Бiреулер олай қашты,
Бiреулер бұлай қашты...

Толық

Жарылмаған бомбалар

  • 0
  • 0

Газеттерге шығады ғой хабарлар:
соғыс сұмның сарқыты боп қап қойған
шағын, яки үлкен ұлы қаламнан,
жаңа құрылыс алаңнан,

Толық

Сарыарқа

  • 0
  • 0

Үстiне күркiреген бұлттардан
Береке құйылып жататын,
Жазығына дүркiреген
Той мен салтанат

Толық