Жүр едiм мен тыныстап – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жүр едiм мен тыныстап» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 538
Жүр едiм мен тыныстап
iштен өлең құраған...
Қараңғы бiр бұрыштан
әйел көрдiм жылаған.
Қалдым кенет тұншығып,
өштi ой да, өлең де.
Кеттi өзгерiп тiршiлiк,
кеттi өзгерiп әлем де.
Менен жырды аластап
мұң шарпыды бетiмдi...
Жел шайқаған ағаштар
өксiп тұрған секiлдi.
Суық тартып түнiм де,
дүниеге кiрдi ызғар.
Жас сияқты дiрiлдеп
мөлтеңдейдi жұлдыздар.
Кеттi-ау деймiн шыдамай
сол әйелдiң мұңына –
сыңсып тұрды жылаған
телеграф сымы да.
Оныменен жарысып
жүйке, жанды қозғаған
сиренаның дауысы
шықты кенет боздаған!...
...Соғып тағдыр бораны
ақ тiлегi сынғандай
жыласа әйел,
болады
әлем жылап тұрғандай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүр едiм мен тыныстап өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жүр едiм мен тыныстап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүр едiм мен тыныстап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүр едiм мен тыныстап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері