Өлең, жыр, ақындар

Ар былғанса

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 511
Ар былғанса –
ала алмассың ағартып,
қан былғанса –
ала аламассың жаңартып...
Жан көрдiм мен –
айдың күнi аманда –
алған өзiн жоғалтып.
Күдiк көзбен қарап тiрлiк, заманға
досқа суып,
жылы ұшырап жаманға
басқа бiреу отыр менiң алдымда,
ұқсамайтын мен бiлетiн адамға.
Ақ көңiлiн тас құлыптап тастаған,
жүйке, жанын өрген қара таспадан
отыр менiң алдымда
басқа тiрлiк,
басқа тағдыр,
басқа жан.
Басқа тiрлiк,
басқа тағдыр көзде де,
басқа тiрлiк,
басқа тағдыр сөзде де.
неге, неге өз-өзiнен безiнiп,
неге, неге айналған ол өзгеге.
Бiрге көрген –
тiршiлiктiң аптабын,
бiрге көрген –
тiршiлiктiң ақпанын
бүгiнде ендi бiлер ме екен әйелi
басқа адаммен өмiр сүрiп жатқанын!
Үндемейдi –
келсе де сөз ұтыры –
есептеулi әр нүктесi, үтiрi.
Осы жанның кеткен екен өзгерiп
табиғаты, бүкiл болмыс, бiтiмi.
Шөгiп қалған.
Қайда кеткен нарт көрiк?!
Жүрген жан-тын жақсылыққа ант берiп.
Тiке менiң қарай алмай көзiме
отыр ендi бұғып қалып,
жалт берiп.
Жарасатын жанына оның ақ тiлеу,
түк емес-тiн оған қолмен от күреу...
Ендi, мiне, отыр менiң алдымда
табиғатқа, тiршiлiкке жат бiреу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қан тамырларым

  • 0
  • 0

Қан тамырларым — ширатқан кендiр жiптердей
бунайды келiп, шырмайды буып денемдi,
түсердей кесiп мың бөлiп
қаттырақ кысса сәл ендi.

Толық

Қорқамын!

  • 0
  • 0

Елiмнiң iргесiнде
Өрт болып жатыр...
Жанымның iшiне
Дерт толып жатыр.

Толық

Өткен күнге экспромт

  • 0
  • 0

Қайық деп мiнгенiм
Табыт болды.
Гүлтәж деп кигенiм
Қамыт болды.

Толық