Туған жер топырағы
Әбiш Кекiлбаевтың «Ұйқыдағы арудың оянуы» атты кiтабында мынандай жолдар бар: «...Анам құдықтан батысқа қарай, шамамен, екi жүз қадамдай жерге тоқтады да, тағы да: – Әбден қарап ал! – дедi...
...Сөйтсем мен дәл сол арада туыппын. Мен тұрған жер мен туғанда бiздiң үйдiң тiгiлген орны екен.
Көйлегiмдi шешiп, жетi рет аунап тұрдым»...
Осы жолдарды оқығаннан кейiн менiң қиялымдағы өлең кейiпкерi де басынан дәл сондай күй кешкен едi.
Қарап тұрды –
қарт тарих боп тауларым,
қарап тұрды –
әлi атпаған таңдарым.
Қасиеттi туған жердiң үстiне
жетi тұрып,
жетi рет мен аунадым.
Бiр аунадым –
тұрды таулар қамалап –
ыстық жалын тамырымды аралап,
жан-жүрекке,
өн бойыма ақырын
қайрат енiп бара жатты ғаламат!
Екi аунадым –
аунап түстi аймағым.
Айналаға жел есiрдi айдарым!
Сiңiп маған қара жердiң рухы
асып бара жатты менiң айбарым!
Үш аунадым –
ауыр тартып сөзiм де,
ақыл өзi салмақ артты сезiмге...
Қозғалмайтын қара дауыл соқса да
ие болдым қара жердей төзiмге.
Төрт аунадым –
жасардым да түледiм! –
тiлiп түсер қара бұлт түнегiн
найзағайдай өзегiнен алынған
ақ алмасқа айналды ғой жiгерiм.
Бес аунадым –
шомылдым нұр, сәулеге! –
ой толқыны соғып iшiн кеулеген
шетсiз-шексiз жатқан мына даладай
кеңдiк кiрiп кеттi менiң кеудеме.
Алты аунадым –
аунады тау, қыратым! –
өн бойымда құбылыс боп сұрапыл,
дауыл соғып, сонан кейiн жүрекке
ұя салды мейiрiм мен рақым.
Жетi аунадым –
гүлдедi өмiр қызығы! –
үнiме кеп қосылды аспан, түз үнi.
Ағып жатты алпыс екi тамырда
жерден сiңген махаббаттың қызуы!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі