Өлең, жыр, ақындар

Жар-жар (1-нұсқасы)

  • Bain
  • 04.05.2015
  • 1
  • 2
  • 26081
- Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Әкем-ай!» - деп, жылама,
Байғұс қыздар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң
Ол да болар, жар-жар!
- Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда, жар-жар?!
Кұлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
- Азар жақсы болса да,
Қайын атамыз, жар-жар?!
Айналайын әкемдей
Болмақ қайда, жар-жар?!
- Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Шешем-ай!» - деп, жылама,
Байғұс қыздар, жар-жар!
Шешең үшін қайын енең
Ол да болар, жар-жар!
- Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да,
Қайын енеміз, жар-жар,
Айналайын шешемдей
Болмақ қайда, жар-жар?!
- Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Ағам-ай!» - деп. жылама,
Байғұс қыздар. жар-жар!
Ағаң үшін қайын ағаң
Онда болар жар-жар!
- Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да,
Қайын ағамыз, жар-жар,
Айналайын, ағамдай
Болмақ қайда. жар-жар?!
- Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Жеңгем-ай!» - деп, жылама,
Байғұс қыздар, жар-жар,
Жеңгең үшін абысын
Ол да болар, жар-жар!
- Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да
Абысыным, жар-жар?!
Айналайын жеңгемдей
Болмақ қайда, жар-жар?!
- Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Інім-ай!» - деп, жылама,
Байғұс қыздар, жар-жар?!
Інің үшін қайын інің
Онда болар, жар-жар?!
- Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да
Қайын ініміз, жар-жар?!
Айналайын інімдей
Болмақ қайда, жар-жар?!
- Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы ?
Ханда болар, жар-жар!
«Сіңілім-ай!» - деп, жылама,
Байғұс қыздар, жар-жар?!
Сіңілің үшін қайын сіңілің
Ол да болар, жар-жар?!
- Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да
Қайын сіңілім, жар-жар?!
Айналайын сіңілімдей
Болмақ қайда, жар-жар?!
- Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
Шымылдығын серпи сал,
Көрсін әкең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін әкең, жар-жар!
«Жылда-жылда мал айдап
Пұл аламын, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!», -
Десін әкең, жар-жар!
Шымылдығын серпи сал,
Көрсін шешең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін шешең, жар-жар!
«Жылда-жылда болжама
Бояй бердім , жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!» -
Десін шешең, жар-жар!
Шымылдығын серпи сал,
Көрсін ағаң, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін ағаң, жар-жар!
«Жылда-жылда базарға
Мал сатам»-деп, жар-жар!
«Бір міндеттен құтылдым!» -
Десін ағаң, жар-жар!
Шымылдығын серпи сал,
Көрсін жеңгең, жар-жар!
Көздің жасып кел кылып,
Төксін жеңгең, жар-жар!
«Жылда-жылда күйеуге
Апарам» деп, жар-жар!
«Бір міндеттен құтылдым!» -
Десін жеңгең. жар-жар!
Шымылдығын серпи сал,
Көрсін інің, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін інің, жар-жар!
«Жылда-жылда үй- ішін
Топыр қылмай , жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!»-
Десін інің, жар-жар!
Шымылдығын серпи сал,
Көрсін сіңілің, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін сіңілің, жар-жар!
«Жаман жездем жалпылдап,
Келе бермей, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!»-
Десін сіңілің, жар-жар!
Жар-жар.2-нұсқа.
- Алып келген базардан
Қара насар, жар-жар?
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар, жар-жар!
«Әкем-ай!» - деп, жылама,
Қыздар байғұс, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан
Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар, жар-жар!
«Шешем-ай!» - деп, жылама,
Қыздар байғұс, жар-жар!
Шешең үшін кайын енең
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан
Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар, жар-жар!
«Ағам-ай!» - деп жылама,
Қыздар байғұс, жар-жар!
Ағаң үшін қайын ағаң
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан
Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар, жар-жар!
«Жеңгем-ай!» - деп, жылама,
Қыздар байғұс, жар-жар!
Жеңгең үшін абысын
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан
Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар, жар-жар!
«Інім-ай!» - деп, жылама
Қыздар байғұс, жар-жар!
Інің үшін қайын інің
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан
Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар, жар-жар!
«Сіңілім-ай!» - деп, жылама
Қыздар байғұс, жар-жар!
Сіңілің үшін қайын сіңілі
Орын басар, жар-жар!



Пікірлер (2)

айнель

Жар жар туралы 6 шумакты такпак

дана

+77053874919 осы номерге ватсаптан олендерди жибересизбе

Пікір қалдырыңыз

Сайын батыр

  • 1
  • 1

Бұрынғы елдің барында,
Өткен елдің заңында,
Сол елдердің тұсында,
Ноғайлы деген халық өтті.

Толық

Шаһарбан мен Хұсайын

  • 0
  • 0

Иман келтір әуелі: "Алла бір!" - деп,
"Мұхаммед- Хақ расул, пайғамбар!" - деп.
"Дін үйрет, - деп, жіберген-елші досты,
Құлдарымды Хақ жолына көндірсін!" - деп.

Толық

Бөгелген хат

  • 0
  • 0

Ташкенттен келген бұл хат жаз басында,
Наданның кешіп күні жамбасында.
Сандыққа жүкке жиған түсіп қалып,
Жүн-жұрқа қалған жатып далдасында.

Толық

Қарап көріңіз