Өлең, жыр, ақындар

Сағат жөндейтін шеберге

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 400
Жан секiлдi үңiлген кеп тереңге,
жан секiлдi үңiлген кеп өлеңге,
тық-тық етiп соғып тұрған дiрiлдеп
үңiлесiң нәзiк тылсым әлемге.
Тықылдаған шеңберлердiң тiркесiн
жеделдетiп, ендi бiрде iркесiң...
О, ғажап-ай,
Соғып тұрған дiрiлдеп,
сол әлемдi саусағыңмен түртесiң!
Зергер-шебер, –
тамсантады тiрлiгiң! –
Өзiңнен мен өтiнгiм кеп тұр бүгiн,
қылдай нәзiк құралыңмен шымшып ап
құйып жiбер сол сағатқа күн нұрын.
Бiр үмiттер көңiлiмде бүр жарып,
бiр сәулелер бiр өшедi, бiр жанып.
Құйып жiбер күннiң нұрын,
кетсiншi
минуттар мен секундтар нұрланып.
Зергер-шебер, –
жетедi ғой жалының! –
жетедi ғой құдiретiң, қарымың.
қылдай нәзiк құралыңмен сағатқа
құйып жiбер айдың аппақ жарығын.
Бiр үмiттер таңғы нұр боп атпақ боп,
бiр сәулелер күйдiредi аптап боп.
Құйып жiбер айдың нұрын,
кетсiншi
минуттар мен секундтар аппақ боп.
Зергер-шебер, –
жұмсақ екен түр-түсiң! –
Кеудеңде ендi ғаламат күш бұлқынсын.
Қылдай нәзiк құралыңмен
сағатқа
құйып жiбер қуаныштың күлкiсн.
Құйып жiбер, сол бiр ғажап сырды ұрлап.
Таусылмайтын аңыз болсын мың жырлап.
Минуттар мен секундтар төгiлiп
бара жатсын сыңғыр-сыңғыр, сыңғырлап!
Зергер-шебер, –
бөлек екен бiтiмiң! –
Бөлек екен құдiретiң, үкiмiң,
Қылдай нәзiк құралыңмен,
сағатқа
құйып жiбер жүрегiмнiң лүпiлiн.
Мынау өмiр, мынау тiрлiк үшiн де –
үрейленiп дүбiр менен дүсiрге –
дiрiлдеген жүрегiмнiң лүпiлi
соғып тұрсын сол сағаттың iшiнде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лас уақыт

  • 0
  • 0

Мына Уақыттың,
Апыр-ай,
Ласын-ай!
Аждаһаның ауызындай

Толық

Тұсау кесер жыры

  • 0
  • 0

Қаз-қаз тұрған сәбидi
Рухымен бабаның
Бата берiп жебеп ал!
Сонан кейiн апарып

Толық

Жел

  • 0
  • 0

Мың-миллион ине қылып құм-қарын
дүлей бiр жел соқты дейсiң жынданып.
дала кезген бағаналарды құлатып,
үзiп жатыр телеграфтың сымдарын.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер