Тоналған орман

Бұл бетте «Тоналған орман» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 674
Тағы, мiне, жаным менiң сұрапыл.
Тағы, мiне, сынған-сынды мұратым...
Дәл осы бiр,
дәл осы бiр аңғарда
ұйып қана шағын орман тұратын.
Махаббат пен сұлулықтан жаралған,
Ай нұры мен Күн нұрына оранған
тiрлiгi мен тiршiлiгi өзгеше
жұмбақ жасыл әлем едi сол орман.
Келер болсаң тезiрек жет, кел ендi.
Көрер болсаң қара келiп, көр ендi...
Электрлi аралар кеп бiр күнi
тонап алып кеттi жасыл әлемдi.
Тұрған кезде жасыл шулы ертегiм
үмiтпенен қарайтұғын ертеңiм...
Сол бiр орман,
сол бiр орман шап-шағын
ажары мен базары едi өлкенiң.
Қан қақсадым –
күйiндiм де егiлдiм,
қақырадым,
сетiнедiм, сөгiлдiм.
Тонап кеттi аралармен келдi де
сол ғажайып сұлулығын жерiмнiң.
Соны қоршап тұратұғын жондарым.
Соған кiрiп дем алатын жолдарым.
Тұнып тұрған ән болатын жап-жасыл,
ұйып тұрған жасыл сол бiр орманым.
Күйiндiм де, егiлдiм де, жыладым.
Қашанғы ендi төзе бермек шыдамым.
Тонап кеттi қырқып алып арамен
сыңсып тұрған елдiң жасыл сол әнiн.
Сендер де ендi көрiңдер де, бiлiңдер!
Тағдыры оның жан-жүректi тiлiмдер...
Сақиналар дөңгеленiп бетiнде
қалыпты тек түбiр, түбiр, түбiрлер.
Жазың мынау қара суық күзiндей...
Бiр мұң қалды жүрегiмнен үзiлмей...
Түбiрдегi сақиналар –
бейне бiр –
қылмыскердiң саусағының iзiндей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоналған орман өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тоналған орман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоналған орман өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тоналған орман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері