Жыршы

Бұл бетте «Жыршы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 585
Iзбасар Шыртановқа

Мына шер –
менiң-дағы шерiм едi.
Қабырғам қақ айырылып сөгiледi.
Сөз бiткен толқындардай бүктетiлiп,
серпiлiп қайта кейiн шегiнедi.
Бiр сәтке –
жер менен көк теңескендей.
Бiр сәтке –
түн менен күн кеңескендей.
Даусынан Маңғыстаудың сесi естiлiп,
демiнен Атыраудың лебi ескендей.
Iлесiп сол бiр жырға –
өкiнемiн.
Iлесiп сол бiр жырға
бекiнемiн...
Сөздерден аңқып иiсi боз жусанның
даладай ашылады көкiрегiм.
Жыршыны –
жан-жүрегi шырқыраған –
тыңдап мен сай-сүйегiм сырқыраған.
Дүние қарап қалды сол сөздерге
күздегi жапырақтай бұрқыраған.
Ойлантты –
ой бiткеннiң тереңдiгi.
Ойлантты –
ой бiткеннiң кемелдiгi.
Жапырып жiбергендей жамандықты
сөздердiң қара дауыл тегеурiнi.
Өкiнiп жанбай кенет өшкенiме,
өкiнiп ойсыз күндер кешкенiме, –
Қарадым күмбiрлеткен,
қоңыраулатқан
сөздердiң салтанатты көштерiне.
Кенелдiм сол бiр сырдан кенен сырға...
Бөленiп кеткендей ғой әлем нұрға...
Дүние жыршы болып,
ал жыршымыз
айналып бара жатты өлең-жырға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыршы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жыршы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыршы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыршы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері