Қайыры шайыр болды

Бұл бетте «Қайыры шайыр болды» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 952
Жапақтың бiр елпеңдеп
Мейiрiмi ұстады.
Қойды айдап келем деп,
Құрақ болып ұшқаны.
Жалқаулығын бетiне
Басатын ел мiн етiп.
Содан ба екен,
өзiне
Кетсе керек сын өтiп.
Қолына ұстап барады
Атасының таяғын.
Жылдам-жылдам алады
Күс-күс болған аяғын.
Шынымен-ақ ұқыпты
Адам бола қалыпты.
Мал алдынан шығыпты,
Салмақты өзi, байыпты.
Бүгiн көңiлi түсiп бiр,
Қолдың ұшын бергенге,
Мал соңынан ұшып жүр,
Быт-шыт қылып бөлгенде.
Көзге түсiп қайтам деп,
Бiрақ Жапақ бүлдiрдi.
Бөтен қойды айдап кеп,
Үйдiң iшiн күлдiрдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайыры шайыр болды өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қайыры шайыр болды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайыры шайыр болды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайыры шайыр болды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері