Ауру дүние – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ауру дүние» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 708
Ауру қазiр,
ауру қазiр бәрi де,
айналды бұл менiң қайғы, шерiме.
Бәрi де ауру –
ұлы менiң даламның –
дауылы да,
бораны да,
желi де!
Iлесiп мен тұрған жоқпын дүрмекке,
өйтiп менi жала сөзге тiлдетпе.
Қарашы сен –
от сияқты жап-жасыл –
ауру бұлт кезiп әне жүр көкте.
Қалай жүрмiн,
қалай жүрмiн күзетпей –
(қояр емес тағдыр жанды мұз етпей) –
Толқи алмай,
шалқи алмай, әнеки,
сап-сары боп жатыр өзен сүзектей.
Бiр дерт жатыр тынысымда,
демiмде.
Сол демiмнен дақ түсердей темiрге.
Ауру бәрi –
тауың да ауру,
тасың да,
ауру қазiр ағашың да,
шөбiң де.
Бұл заманда мызғыма да,
көз iлме.
Сене берме төзiмге де,
сезiмге.
Уы сiңген ауа менен суымның –
ең сұмдығы! –
ауру қазiр сөзiң де.
Ең сұмдығы! –
сөз ауруы бiлемiн.
Осы, осы қасiретiм,
түнегiм.
Ауру сөздер,
ауру сөздер қаптаған...
қан жоса ғой сол сөздерден жүрегiм.
Хал-күйiмдi түсiн өзiң,
түсiнбе!
Онда менiң жоқ қой қазiр iсiм де.
Жүрiп келем –
Сұп-сұр болып қан-сөлсiз –
ауру мынау дүниенiң iшiнде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауру дүние өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ауру дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауру дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауру дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері