Құлазу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Құлазу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 768
Адам бiткен зорға жүр,
сөздi кiсен,
шынжыр қып.
Болған-сынды дәл қазiр
дүниеде бiр сұмдық.
Үзiлiп бар жалғасы
шыдай алмай ашынып, –
дәл осы сәт
жан досым
өлген-сынды асылып.
Көкiректе зорлық-ән –
жау бұзғандай шегiмдi.
Өлген адам,
орнынан
тұрып кеткен секiлдi.
Дәл осы сәт
елес те
қасiретке батқандай –
отқа түсiп нәресте
шыжғырылып жатқандай.
Жанда нала,
күрсiну,
отырмын ғой құнысып.
Дәл осы сәт бiр сұлу
құлағандай у iшiп.
Малынғандай сорға жыр,
жан-жүрегiм жылаған.
Жеп жатқандай –
дәл қазiр! –
бiр адамды бiр адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері