Қара адам – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қара адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1512
Өтiнемiн,
құрысын! –
Оған қарсы аттама!
Тарылатын тынысың
оның жаны қап-қара!
Сұмдық онда жетедi! –
кебiн ұрлар өлiден...
Шарпып-шарпып кетедi
қара жалын демiнен.
Оған,
оған батпады
аруақтың киесi...
Қап-қара еттi мақтаны
Сөздерiнiң күйесi.
Құстар шошып даусынан
Жоқтау еттi көгiмдi...
Күлген кезде
аузынан
күл бұрқырап төгiлдi.
Одан,
одан безiнем,
қорқасың деп даттама.
Жылап едi
көзiнен
Құрт шықты қой қап-қара!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қара адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері