Жағымпаз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жағымпаз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 810
Жоқ кiсiлiк, iрiлiк,
майлап алған жанарын.
Иiледi, бүгiлiп –
Омыртқасы жоқ оның.
Бiрде толқып мұнардай,
бiрде су боп сорғалап,
бара жатыр жыландай
бауырымен жорғалап.
«Тоңмойынды» күлкi етiп,
күш көрсетiп халқына,
дөкейлердiң жылп етiп
кiрiп кетер артына.
Ебiн тауып кiредi,
қорықпайды тарлықтан, –
оның сасып үнемi
жүретiнi сондықтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері