Өлең, жыр, ақындар

Өткеннен жеткен аңыз

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 499
Жоқ кез екен бекiнiс те, қамал да, –
Сонау-сонау өткен, алыс заманда.
бiр тайпа жұрт өмiр сүрiп жатыпты
орман-нулы, көл-құрақты даламда.
Бiлмеппiн ғой қасiрет пен қайғыны!
Тоқшылықпен атыпты оның ай-күнi,
тоқшылықпен батыпты оның ай-күнi.
Асып-тасып жатыпты ғой байлығы!
Керемет бiр ие болып қуатқа,
өмiр сүрiп жатқан екен жұмақта!
Сол молшылық, сол байлықты көл-көсiр
көршi тайпа көре алмапты бiрақ та!
Байлыққа сол құштар болып соншама,
Қоймапты ғой сұқтанған көз талса да!
Жолы болмай қалыпты ғой бiржола
қаншама рет жаулап алмақ болса да!
Бiр үйретсең ойың менен денеңдi,
басу қиын аран, құлқын, дәмеңдi.
Күшпен ендi ала алмасын бiлген соң
айламенен алмақ болған сол елдi.
Шыға алмасын бiлгеннен соң майданға
биiктiктен түсiп еңiс, ойпаңға, –
көршi тайпа Тәңiрiден безiнiп
iлескен ғой Iбiлiс, Жын, Сайтанға.
Күлiн шашып, шоқ түкiрiп төменге,
той жасаған шығып олар белеңге...
Сонан кейiн Iбiлiс пен Жын, Сайтан
САЛҒЫРТ деген дерт жiберген сол елге.
Қай кезде де опындырар аңғырттық.
Одан жақсы – отқа түсер албырттық!
Аңғал жатқан сол бай елдi бiр сәтте-ақ
басқан келiп екi иықтан Салғырттық.
Мән бермеген ешкiм сол бiр кеселге!
Мән бермеген оған би мен шешен де.
Мән бермеген оған бала, дана да.
Мән бермеген оған ақын, көсем де.
Мән бермеген ешкiм сол бiр кеселге!
Сол бiр дерттен бүкiл тайпа жаншылып,
сол бiр дерттен терге бөгiп малшынып,
жатып қалған сорлы тайпа ақыры
дер кезiнде көрсете алмай қарсылық.
Дер кезiнде көрсете алмай қарсылық,
сорлы тайпа жатып қалған жаншылып
(Дәрменсiздiк еске түссе сондай бiр
жан-жүректен кетедi ғой зар шығып).
Салғырт елдiң салғырт болар бәрi де:
Өнерi де, өлеңi де, әнi де!
Салғырт болар тiптi мұң мен шерi де!
Салғырт болар әйелi де, ерi де!
Салғырт болмыс енiп, жұмыс, iсiне,
Сүлесоқтық кiрiп алар iшiне,
дәрменсiздiк буып оның өн бойын,
бойкүйездiк бұғау салар күшiне!
Салғырт болсаң бәрi саған өктем ғой.
Салғырт болсаң күнiң онда өткен ғой...
...Көршi тайпа келiп салғырт сол елдiң
малын, жанын түгел айдап кеткен ғой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем кеші

  • 0
  • 0

Көкiректен, Өлең, саулап құйылшы!
Тәубә! Тәуба!
Қызықты осы бұйыршы.
Нұрын шашып,

Толық

Айта алмаған сөздерім

  • 0
  • 0

Айтам деп
Айта алмаған сөздерiм
Алматының кешкi көшелерiндегi
Машиналар секiлдi –

Толық

Түсініксіз хал

  • 0
  • 0

Мен қазір
Не анда жоқ
Не мұнда жоқ
Әрі-сәрімін.

Толық

Қарап көріңіз