Өлгім тіпті келмейді – Мәриям Хакімжанова

Бұл бетте «Өлгім тіпті келмейді» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 1
  • 5205
Өлгім тіпті келмейді,
Қанша қорлық көрсем де.
Өжет жаным өлмейді,
Өлді деп мені көмсең де.
Сайраған тілім сайрайды,
Жабысса да таңдайға.
Өрлеген жаным өрлейді,
Оқ атсаң да маңдайға.
Қорлық, зорлық қорқытпа,
Қорықпаймын қорынып.
Ар-намысым қолтықта,
Шығамын тасты опырып!
Бас имеймін жалынып,
Жалынам адал еңбекке.
Жүре алмаспын жабығып,
Басымды қыйдым көнбеске!
Айыбы жоқ адал жан,
Айдауда жүр азаппен.
Артық емес содан жан,
Алыс кетпе, азап сен!


Пікірлер (1)

Жаңабек

Керемет өлең екен! Адал жандар мерейі үстем болсын!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері