Аңсау

Бұл бетте «Аңсау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 548
Ұшып қиял ғарышқа
Әрбiр сөзден от тауып,
Айдалада, алыста
Жүретiн ем шөп шауып.
Шалғыларды қылыштай
Тұратын ем қайрап мен.
Шымыр едiм құрыштай
Нар сияқты қайратты ем.
Шалғы оратын сырылдап –
Саз шығатын қаншалық –
Шегiрткелер шырылдап,
Бозторғайлар ән салып...
Тұла бойға от енiп,
Бекем байлап белiмдi,
Кететiн ем көтерiп
Бiр шөмеле шөбiңдi.
Сауылдайтын тер көзге!
(Қазiр ендi армандай).
Болатын ем сол кезде
Бұлт көтерiп тұрғандай.
Бүгiнде ендi шаршап мен
Сенделемiн, сабылам...
Сол бiр шақты аңсап мен
Сағынамын, сағынам.
Қайда – терiм тамшылап! –
Өзiмдi өзiм бiлген кез, –
Айырыма шаншып ап
Бұлт көтерiп жүрген кез?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсау өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері