Жегі құрттар

Бұл бетте «Жегі құрттар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 729
Десемде: ендi кiмнен жасқана алам
Көзiмдi мөлтең-мөлтең жас қамаған...
Аузын ашып тұрған арандай ғып
Мен кеше құтылып ем аждаhадан.
Қарамай өткен күннiң бәлесiне
Арманның шығып едiм белесiне.
...Жалмаңдап
Қаптап өрiп жегi құрттар
Елiмнiң түстi келiп денесiне.
Ойлаумен күнделiктi ағымымды
Елемей кетсем керек тағылымды.
Сырттан кеп,
Iштен шыққан сол бiр құрттар
Қиюда талшығым мен тамырымды.
Бұған жұрт күйедi ме, күймейдi ме?
Жауап бер,
Жүйелi де,
Киелi де,
Елiмнiң қанын сорып, –
Сол құрттарың! –
Барады үңгiп кiрiп сүйегiме.
Жайлауын жақсылықтың жайлаған ем.
Ертеңге үмiтiмдi байлаған ем...
Қаптаған Жегi Құрттар
Сөйлеп тұрған
Тiлiмдi қырықпақшы айла, амалмен.
Мұны жұрт, –
Құдайым-ай! –
Сезедi ме?!
Сезсе егер шынымен-ақ төзедi ме?!
Сол құрттар бiлдiрместен қырқып, үзiп
Түспекшi ендi келiп өзегiме.
Түссе егер онда менi өледi де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жегі құрттар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жегі құрттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жегі құрттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жегі құрттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері