Таусылу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Таусылу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 914
Ақтарылып тасыдым! –
Қара жартасты
Алып кете алмадым.
Көлденең жатқан
Құздарды
Жарып кете алмадым.
Ештеңе бiтiрмедiм!
Жүрiп жатқан
Сеңдердей күтiрледiм.
Қара қазандай қайнадым.
Келеге келген бурадай
Жынымды бүркiп.
Тiсiмдi
Қышыр-қышыр қайрадым.
Болмады.
Жаншылдым!
Таусылдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері