Қайда? Неге?

Бұл бетте «Қайда? Неге?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 680
Бәрi де тарыдай ұсақ
Құмдай майда.
Бiр кездегi
Таудай зорайып жататын
Iрiлiгiм қайда?
Қайда?
Жауынды күнде де
Ағашпен ағашты ысқылап
Шырақ жағатыным қайда?
Қотанға түскен қасқырды
Қуып жетiп –
Тiрiдей! –
Тақымыма
Бiр-ақ басатыным қайда?
Сыздықтатып, тамшылатпай
Тасты сойып
Шаптыратыным қайда?
Iштен шалып,
Оң жамбасыма салып,
Шалқая берiп
Лақтыратыным қайда?
Қайда?
Ендi бүгiн
Өрт тартқан ебелектей
Неге жалпылдап құлаймын?
Дауылды күнгi
Киiз үйдей боп
Бүкiл денеммен селкiлдеп
Неге солқылдап жылаймын.
Неге?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда? Неге? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қайда? Неге? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда? Неге? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда? Неге? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері