Бұл бетте «Күмән мен күдік басқан күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгiн менi
От жағып
Құрта алмайтын,
Оқ атып тесе алмайтын,
Семсер сiлтеп
Жырта алмайтын
Күмән мен күдiк
Басып тұр.
Жаным жасып тұр!
Алатауымның шыңдары
Арық атанның
Өркешiндей боп
Құлап қалғандай.
Көлiм суалып,
Шалғыным
Қурап қалғандай.
Әлдекiмдер,
Жасыл жайлауымды
Түктi кiлемдей орап
Иықтарына сап –
Алып кеткендей.
Ормандарымның
Бұтақтарын турап,
Дiңгек-жiлiктерiн
Шағып кеткендей.
Аққуларымның ұясы,
Бұзылып жатқандай.
Аспанымның алқасы –
Тырналардың тiзбегi –
Быт-шыты шығып
Үзiлiп жатқандай.
Арманым мерт болып
Үмiтiм жанып кеткендей.
Көктегi күнiм тайып,
Айым ауып кеткендей.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі