Бұл бетте «Төбелес» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаланың қақ ортасында
Алаңның
Тап ортасында
Екi қазақ төбелесiп жатыр.
Бiреуi бiреуiн
Баспен соқты,
Жерде жатқан
Таспен соқты.
Бiреуi бiреуiн –
Тепкiлеп! –
Қамырдай иледi.
Бiреуi бiреуiн –
Арам қатқан! –
Малындай сүйредi.
Еттерi –
Жыртылған шүберектей! –
Жалбырап сөгiлдi.
Тiстерi –
Жүгерiдей! -
Cаудырап төгiлдi.
Өшiгiп, ашынып соқты.
Бұғып қалып –
Бастарынан! –
Асырып соқты.
Бiрiн бiрi –
Қырқылған! –
Кеспектей еттi.
Ит тартып –
Жыртылған! –
Бөстектей еттi.
Гүрзiдей соққыдан
Беттерi быт-шыт боп
Бұзылып жатты.
Шықшыттары – iлмешектей! –
Үзiлiп жатты.
...Құдай-ау,
Бұл дүние не боп барады?!
Айнала қарасаң
Бiр қазақты бiр қазақ –
Аямай! –
Тонап жатыр.
Бiр қазақты бiр қазақ –
Аямай! –
Сабап жатыр.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі