Өлең, жыр, ақындар

Төзім

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 871
Уақыт-ай,
Менен қаншама рет! –
Сырт айналып бездiң.
Темiр екенмiн!
Төздiм.
Дүниенi жапырып
Дауыл соққан заманға да –
Құздай қымтанып
Төздiм.
Қабағынан қар жауып,
Кiрпiгiне
Мұз қатқан заманға да –
Мұздай құрсанып
Төздiм.
Арыстарым
Малша тоғытылып
Қамалған заманға да –
Төздiм.
Сәбидiң шашы,
Кәрiнiң көзi
Ағарған заманға да –
Төздiм.
Ақырып сөйлеген,
Бақырып қайырған
Ақи көз заманға да –
Төздiм.
Төбемдi ойып,
Желкемдi қиған
Қатыгез заманға да
Төздiм.
Төзiп жүрiп
Теңдiкке жеттiм.
Төзiп жүрiп
Елдiкке жеттiм.
Шiркiн-ай,
Бұдан былай –
Зарлай бермей! –
Шердi қойсам ғой.
Алатаудың бiр шыңын
Даламның ортасына апарып –
Төзiмiме! –
Белгi қойсам ғой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жарыстар

  • 0
  • 0

Дәл қазір
Дос-жаран, танысың да,
Жақының, алысың да
Мына дүниені

Толық

Хал

  • 0
  • 0

Білмедім:
Кім ұтылып,
Кім ұтуда?
Білгенім:

Толық

Қанжар

  • 0
  • 0

Әрбiр сәтiн есептеп,
күнiн санап сөнбеген,
жатты бiр шал төсекте
ауру қысып меңдеген.

Толық