Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып – Мәриям Хакімжанова

Бұл бетте «Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3280
Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып,
Балаларға табам ба деп қысқы азық.
Жарылып екі қолым күс болып кетті,
Неден ғана қарғалдым, неден жазық?
Түнде жатам сыртында балағанның,
Көремін деп жұлдыздың қарағанын.
Қан түкіріп жүрсем де кажымаймын,
Аржанойдың кертіп жеп қара нанын.
Он күн істеп, төрт қапшық картоп алдым,
Көңілімді бір демдеп үйге бардым.
Балаларым қуанды пісіріп жеп,
Қиналғанына ризамын шыбын жанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері