Кестеші қыз – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Кестеші қыз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2343
Көп жұлдыздар қараған,
Күлімдеп көк жүзінде.
Түн төсіне қадаған,
Сен өсірген жүзім бе?
Қалған тұнып жер-аспан
Ділгер болып бір тілге.
Зердей сұлу Зеравшан —
Сенің күміс күлкің бе?
Күн жадырап әлемге
Жарқ еткен таң кезінде.
Әлде күн бе, ол әлде
Сенің сиқыр көзің бе?
Шегіп шымқай өрнекті
Ертеңгілік, кеште де,
Сыйғызасың жер-көкті
Шәйі-жібек кестеңе.
Шығармайын естен мен,
Айтқаныма көңіл бөл.
Аспан сыйған кестеңнен
Оймағыңдай орын бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері