Орманшы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Орманшы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5105
О, орманшы, орманшы,
Домбыраңды қолға алшы.
Орманыңдай ойланшы,
Өзеніңдей толғаншы.
Азынаған тулап күй,
Қара орманды қыс буған.
Бүкіл орман бір-ақ үй,
Боран ұлып, ышқынған.
Сыры тылсым дүние,
Азынайды жел даусы.
Ондай кезде үйінде
Отырмайды орманшы.
Қар лақтырып көзіңе,
Қариды қыс бетіңді.
Орманшының өзі де
Аяз-ата секілді.
Жортып қырдың жонында
Боран бір күй тартады.
Орманшының қолында
Бүкіл орман әр талы...
О, орманшы, орманшы,
Домбыраңды қолға алшы.
Орманшыңдай ойланшы.
Өзеніңдей толғаншы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орманшы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Орманшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орманшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орманшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері