Табалау

Бұл бетте «Табалау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 817
Әлдекiмдермен
Әдiлдiк үшiн тiресiп едiм,
Әдiлдiк үшiн күресiп едiм.
Жеңiлдiм!
Қақырап сөгiлген
Жартас құсап
Құлап түстiм.
Дауылды күнi
Қопарылған бәйтеректей
Сұлап түстiм.
Сол, сол-ақ екен
Бiреулер – естерi шығып! –
Далақтап күлдi.
Бiреулер – арттарын ашып! –
Шайтаннан бес бетер
Сандарын соғып,
Шапаттап күлдi.
Бiреулер сықсиып –
Iшiне сұмдық жасырып! –
Жымсиып күлдi.
Сойған түлкiдей
Ырсиып күлдi.
Күлмегендерi –
Көзiнiң астымен қарап
Түксиiп тұрды.
Мен жаққа – әйелдерi! –
Етектей ерiндерiн шығарып,
Сұқ саусақтарын! –
Жыбыршыған
Ешкiнiң құйрығындай
Шошайтып тұрды.
Байлары банкеттерде
Күйекке түсетiн бұқадай
Бұттарына толып
Тост айтып тұрды.
Табалап күлдi.
Абалап үрдi.
Күлiп жатты!
Күлкiлерi алмастай боп
Жүрегiмдi тiлiп жатты.
Жарам –
Тұз басқандай! –
Ырсиып кеттi.
Жаным –
Мұз басқандай! –
Түршiгiп кеттi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табалау өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Табалау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табалау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табалау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері