Ержүрек кемелер – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ержүрек кемелер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 613
Көк долы көк теңiз
Ақ жал толқындарын
Аждаhадай көтерiп
Аспанға атқан кезде;
Опырып жiберердей
Жартастарды – арқырап кеп! –
Соққан кезде;
Гаваньдағы
Шынжырлармен
Байлаулы тұрған кемелер
Мөңкiп, тулап кеткенде;
Аспан жарқылдап,
Дүние түнерiп,
Шулап кеткенде;
Қатар тұрған кемелер
Астаулардай – бiр-бiрiмен –
Соғысатындай болғанда;
Жартастардай
Қағысатындай болғанда;
Қапталдан соққан
Таудай толқындар
Қабырғаларын қақыратып
Сөгiп кететiндей болғанда;
Кемелер – тұңғиыққа! –
Шөгiп кететiндей болғанда, –
Бiр-бiрiмен
Соғысып қалмас үшiн;
Жартастардай
Қағысып қалмас үшiн;
Қапталдан соққан
Таудай толқындар –
Қабырғаларын! –
Сөгiп кетпес үшiн;
Тұңғиыққа
Шөгiп кетпес үшiн –
Кеме бiткен
Шынжырларынан босанып
Арқырап жатқан
Теңiздiң үстiне
Шығып кетедi.
Олай етпесе
Бiр-бiрiмен соқтығысып,
Құрдымға батып
Құрып кетедi.
Таудай толқындарды –
Бүйiрiнен соқтырмай! –
Тұмсығымен қақ айырып
Тiлiп тұрады.
Жандарын шүберекке
Түйiп тұрады.
Кеме бiткен
Ботасынан айырылған
Түйелердей күңiренiп
Боздап жатады.
Жаң-жүргiңдi жылатып
Қозғап жатады.
Ержүрек кемелер
Толқындармен бетпе-бет
Күн тұрады, түн тұрады.
Апта тұрады.
Қапталын бермей –
Тұмсығымен тiлiп! –
Қайтпай тұрады.
Шiркiн-ай,
Астаң-кестең дүниенiң
Алапат толқындары –
Қай жақтан соғатынын –
Бiлiп тұрсақ қой!
Бүгiжiктеп бұқпастан
Сол толқындарды
Ержүрек кемелердей
Қақ айырып
Тiлiп тұрсақ қой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ержүрек кемелер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ержүрек кемелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ержүрек кемелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ержүрек кемелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері