Молшылық жыры – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Молшылық жыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 933
Тоғайларым – аспаннан! –
Жерге қонған
Бұлт секiлдi.
Шалшығымның өзi
Зәмзәм суынан
Тұнық секiлдi.
Кешегi ақ тақыр
Кiлем жапқандай
Жайқалып тұр.
Ат аунаған жерлерде
Түк емес – шылқыған! –
Май қалып тұр.
Шоршыған балықтардан
Айдын көлдерiм – бұрқылдап! –
Қайнап жатқандай.
Қара судың бетiне
Кiлегей тұрып,
Қаймақ қатқандай.
Қаптаған гүлдер
Төгiлiп қалған
Жырым секiлдi.
Егiннiң масағы
Тоқпақтай бұрым секiлдi.
Дүние құтқа
Белшесiнен бөгiп,
Батып қалған.
Бестi қойларым
Қазандай құйрықтарын
Көтере алмастан
Жатып қалған.
Тасбақаға дейiн
Желiгiп кеткендей...
Сөздерiм де
Майға малтығып
Семiрiп кеткендей.
Аңғарлардың танаулары
Бұлттармен дем алып
Делдиiп тұр...
Жота-қырларым
Босанатын әйелдердiң –
Қарынындай –
Шермиiп тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Молшылық жыры өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Молшылық жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Молшылық жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Молшылық жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері