Обалы кімге? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Обалы кімге?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 671
Алма ағаштарымды
Көгертпей, көктей солдырып
Қырқып жатыр.
Құртып жатыр.
Жасыл бағымды
Жүндей жалмап –
Жер жетпегендей! –
Осы жерге
Үйлер салмақ.
Адамдар-ау,
Обал ғой.
Бұл да бiр
Талау мен тонау ғой.
Түбiн
Тамырымен қосып
Қопарып тастадыңдар.
Өз қолдырыңмен өлтiрiп
Айдалаға –
Апарып тастадыңдар.
Ағаштар да
Балаларың мен
Балапандарың емес пе?!
Саусақтарымен
Құт көтерiп тұрған
Алақандарың емес пе?!
Өскендерiңдi
Неге өшiресiңдер?!
Өздерiңе өздерiң
Неше өшiгесiңдер?!
Айтып, айтып
Жанымды шүберекке түйiп
Сығымдап тұрмын.
Ұясын – жыланнан қорғаған! –
Бозторғайдай
Шырылдап тұрмын.
Бiрақ естiмейсiңдер! –
Тас кереңсiңдер!
Жерiнiң қанын сорған
Аш кенесiңдер.
...Бәрiбiр тыңдамай
Алма ағаштарымды
Тамырымен қопарып
Жұлып жатыр.
Көгертпей,
Көктей солдырып
Қырып жатыр.
Обалы кiмге?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Обалы кімге? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Обалы кімге? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Обалы кімге? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Обалы кімге? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері