Мен қазiр кіммін? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Мен қазiр кіммін?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 900
Мен қазiр
Қоғамның омырауынан
Үзiлiп түскен түймемiн.
Көзi сынған инемiн.
Тессем де – тiкпеймiн.
Шиырып иiрсе де –
Алшы тұра алмай –
Жата қалатын
Бүк пенен шiктеймiн.
Арса-арса арбаңмын.
Айдалада қалғанмын.
Тозығы жеткен
Көнемiн.
Солтүстiк мұзды мұхитта
Мұз ұстап қалған
Кемемiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері