Шүкір дейік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шүкір дейік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 806
Шашылып
Шақшаңдай бермей
Жан-жағымызды бүтiндейiк.
Ашынып
Қақшаңдай бермей
Шүкiр дейiк.
Мүйiзiмiз шықса –
Бiрiмiздi бiрiмiз
Жарақаттап бiттiк қой.
Бiрiмiздi бiрiмiз
Балғаттап бiттiк қой.
Бiр бiрiмiздiң
Төс етiмiздi айырдық.
Қанатымызды қайырдық.
Содан не шықты?!
Арсыз сөздерден
Жанымыз түршiктi.
Кеше ғана
Тұр десе тұрып,
Жүр десе жүрдiк қой.
Күлсек те –
Жан-жағымызға қарап ап –
Күлдiк қой.
Ендi бүгiн
Өз ауамызды бүлдiрiп
Бықсыған
Шаладай болатынымыз не?
Күпсiп көтерiлiп
Бұтымызға толатынымыз не?
Үш әрiптiң
Тергеуiнде жүрдiк
Құз-жартастардың
Ернеуiнде жүрдiк.
Сол заманнан бiз
Зарлап қаштық қой.
Сол заманда бiз
Мина көмiп тастаған
Жерде жүргендей
Аңлап бастық қой.
Ұмытпайық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері