Желді күнгі орман – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Желді күнгі орман» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 921
Орман iшi – гуiлдеген! –
Сарынға толып кеттi.
Уiлдеген!
Ағынға толып кеттi.
Ағаштар – баса көктеп! –
Бiр-бiрiн жұлқылап жатыр.
Сарыала жапырақтары
Шашылған шоқтай боп
Бұрқырап жатыр.
Бұтақтарын көкке кезенiп
Сермеп қалады.
Ашу мен ызасы –
Тұла бойын
Кернеп барады.
Бұлттар да осы жерге
Жиылып қалған.
Қап-қара боп
Түйiлiп қалған.
Ағаш бiткен
Бойларын жинай алмай
Еңкiлдеп тұр.
Бойларын жинай алмай
Селкiлдеп тұр.
Оларда жазылмас
Азап жатқандай:
Балта, арамен
Кескендерге қарсы,
Өкпесiн ойып
Тескендерге қарсы
Бүкiл ағаштар
наразылық бiлдiрiп
Митингi жасап жатқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері