Бұл бетте «Інілеріме» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақын күндердi бiтiрiп
Алыс күндерге кетiп барамын.
Сендердi сол күндерге
Ертiп барамын.
Айналайындарым,
Қиын күндерде
Менi ортаға ап
Айналғандарым.
(Ағаларым бар болсын! –
Оларға ендi
Аллатағала
Жар болсын)
Сөздерiңдi тыңдап
Сан тебiрендiм, –
Қашқан бұлтты ұстаған –
Болашақ –
Найзақаралар мен
Хантәңiрлерiм.
Жас болса да
Көкiректерi қазына
Көнелерсiңдер...
Өкiрiп жатқан теңiзде
Боздап жүрген
Кемелерсiңдер.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі