Күйінгенде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күйінгенде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 658
Құдай-ау,
Не айтып отырсың?!.
Мен саған сүйенiп едiм ғой,
Әулие-әмбиелердей
Киелiм едiң ғой.
Мен сенi ендi, —
Дауыл болып! —
Қара бұлттардай алдыма сап
Қуып кетсем бе екен?!
Сел болып ағып
Орныңнан түк қалдырмай
Жуып кетсем бе екен?!
Шайнамай
Жұтып жiберсем бе екен,
Құмдай үгiп
Құртып жiберсем бе екен?!
Жанымды жаралап,
Ұлтыңды қаралап
Не айтып отырсың?!
Тауды –
Дию сiлкiгендей! —
Сiлкiп жiберсем бе екен?!
Бетiңе —
Аралды ұрттап ап
Бүркiп жiберсем бе екен?!
Есiңдi жи!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері